ТҮРКІСТАН: Өңірдегі елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

0
86

29 елді мекенде кешенді блок-модуль орнатылмақ.


ТҮРКІСТАН: Өңірдегі елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

2025 жылдың соңына дейін Түркістан өңіріндегі елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту көзделуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Облыс елді мекендерін 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, 41 елді мекенге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланса, халық саны 200-ден аз 29 елді мекенде кешенді блок-модуль орнатылмақ.


Биыл облыс аумағындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жалпы 129 нысанның құрылысына ұлттық қордан, республикалық және облымтық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Оның ішінде, 65 нысанды биыл, 64 нысанды келесі жылы аяқтау көзделуде.


Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 32 нысан қамтылмақ. Нәтижесінде, 12 елді мекен ауыз сумен жеткізіледі. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданында – 2, Отырарда – 1, Төлебиде – 1, Келес – 4 және Созақ 4 елді мекен ауыз сумен қамтылады.


Одан бөлек, Бәйдібекте – 1, Арыста – 1, Сарыағашта – 1, Төлебиде – 3, Жетісайда – 2, Мақтааралда – 2, Түлкібаста – 1, Шардарада – 1, жалпы, 12 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылады. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы 3 мөлтек ауданда, Арыс қаласындағы 3 мөлтек ауданда су құбырын жүргізу және суаққы, резервуар салу жоспарланып отыр.


Ал, Сайрам ауданы, Жібек жолы елді мекеніндегі тозығы жеткен су жүйелеріне күрделі жұмыстар жүргізіліп, жаңартылатын болады. Сондай-ақ, 21 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, 36 елді мекенде тозығы жеткен су құбырлары, су мұнаралары, қолданыстағы су ұңғымалары ретке келтіріледі.

Бөлісу