Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Бәйдібек ауданында көшпелі облыстық семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бәйдібек ауданында «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты көшпелі облыстық семинар өтті. Күн тәртібінде өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелік ұсынымдар қаралды. Қатысушылар идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуы бойынша атқарылып жатқан мәселелерді ортаға салды.
Өңірлердегі ономастикалық ахуал, сондай-ақ алдағы уақытта атқаруды қажет ететін 2024-2028 жылдарға арналған кестедегі атау беруге жоспарланған атауларды талқыланып, монументтік өнер құрылыстарының орналасуына байланысты маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар семинарда елді мекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің байырғы тарихи атаулары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар қаралды.
Жиын соңы пікір алмасуға ұласты. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Облыстан келген арнайы бас маман Мадина Утепова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Содан соң жиынға қатысушылар аудандағы тарихи-мәдени орындармен танысты.
Айта кетейік, облыс бойынша монументті өнер туындыларының саны – 842. Оның ішінде 89 ескерткіш, 339 бюст, 414 стелла бар. Соңғы 3 жылда аудан қалаларында 31 ескерткіштер орнатылған.