ТҮРКІСТАН: «Оралман» мәртебесін ұзарту мүмкіндігі бар

0
1 485

Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 16 наурыздағы этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша тапсырмасына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесінің мерзімі өткен этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын беру жөнінде жұмыстар жүргізу тапсырылған.


ТҮРКІСТАН: «Оралман» мәртебесін ұзарту мүмкіндігі бар

фото ашық дереккөзден алынды

Этникалық қазақтарға «Оралман» мәртебесінің өту мерзіміне қарамастан оны қайта ұзартуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органға этникалық қазақтарға «Оралман» мәртебесінің өту мерзіміне қарамастан 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы нұсқау жолдаған.

Өз кезегінде, облысты тұрақты тіркелген оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте қабылдау бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі жергілікті бөліністеріне өтініш бере алады.

Ол үшін, олар оралман мәртебесінің мерзімі өтпеген куәліктерімен қоса, Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды тапсыру тиіс.

Егерде, осы уақытқа дейін оралман куәлігінің мерзімі өткен жағдайда, Сіздер оны Түркістан облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында 2019 жылғы 31 желтоқсанына дейін ұзартуға мүмкіндіктеріңіз барын ақпараттандырамыз.