ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында жаңа су қоймасы салынады

0
1 024

45 мың гектардан астам жер қосымша ағын сумен қамтамасыз етіледі.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында жаңа су қоймасы салынады

Ордабасы ауданында сыйымдылығы 50-60млн м3. болатын су қоймасы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы аумағынан Қызыл-Сеңгір мен Боралдай мекендерінің арасындағы Боралдай өзенінің бойынан сыйымдылығы 50-60млн м3. болатын су қоймасы салынады. Жаңа нысанның ені 2 шқ., ұзындығы 5 шқ. құрайды.


Нәтижесінде Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан қаласынан жалпы 45 мың гектардан астам жер қосымша ағын сумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.


Аудандағы жаңа жобалар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке Ордабасы ауданына жасаған ресми іс-сапарында таныстырылды. Аудан әкімі Бағлан Батыршаев ауыл шаруашылығы саласында қолға алынатын жаңа жобаларды баяндады. Каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде суару маусымында су шығыны 25-35 пайызға дейін кеміп, егістік алқаптар толықтай мерзімінде ағын сумен қамтамасыз етіледі және өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемі артады.


Сондай-ақ, тік дренаждарды іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиоративтік жағдайлары жақсарып, жер асты суларының деңгейі төмендейді. Қосымша егістік алқаптар ағын сумен қамтамасыз етіліп, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артады.