ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ауылды абаттандырайық» акциясы жалғасып жатыр

0
573

Аудан әкімінің орынбасарлары, әкім апаратының жауаптылары, құрылымдық бөлім басшылары мен мамандар жұмылдырылды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ауылды абаттандырайық» акциясы жалғасып жатыр

Ордабасы ауданында бастау алған "Ауылды абаттандырайық" акциясы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының орталығы Темірландағы Тұрманжанов көшесінің жағалауына «Ауылды абаттандырайық» акциясы аясында 200 түп қарағаш, 50-дей шырша көшеттері отырғызылды. «Темірлан абаттандыру» мекемесімен бірлесе отырып ұйымдастырылған экологиялық шараға аудан әкімінің орынбасарлары, әкім апаратының жауаптылары, құрылымдық бөлім басшылары мен мамандар жұмылдырылды.


Сондай-ақ, сенбілік шарасында аудан орталығы мен әр ауылдық округтерде тазалық жұмыстары қолға алынып, ауыл көшелері мен аулалар тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды. Жиналған күл-қоқыстар арнайы техниканың көмегімен тиісті орындарға жеткізілді.


Айта кетерлігі, жаңадан отырғызылған ағаш көшеттерін уақытылы суару, күтіп баптау, айналасын қоршау жұмыстарын әр жауапты мекеме өз міндетіне алды. Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасына орай аудан бойынша жалпы халықтық ағаш егу акциясы әр аптаның сенбі күндері жалғасын табуда.