ТҮРКІСТАН: Ордабасыда өндірілген ​өнім көлемі артып жатыр

0
1 088

Ордабасы ауданында шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 10 388 нысанға жетіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда өндірілген ​өнім көлемі артып жатыр

Ордабасы ауданында өндірілген өнім көлемі 4 млрд 762 млн. 800 мың теңгені құрап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 10 388 нысанға жетіп отыр. Оның ішінде заңды тұлғаның саны 866 нысан, дара кәсіпкерлер саны 3 216 нысан және шаруа қожалықтары саны 6 306 нысан, бұл жалпы тіркелген кәсіпорынның 93,6 пайызын құрап отыр. Аталған кәсіпорындарда бүгінде 14448 адам жұмыспен қамтылған.

Ордабасы ауданы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі бүгінде 4 млрд 762 млн. 800 мың теңгені құрауда. Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0% артып, одан түскен салық көлемі 33 млн.900 мың теңгені құрауда.

Кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 420 адаммен 232 млн. 800 мың теңге несие қаржы игерілген. Оның ішінде «Ырыс» МҚҰ» арқылы 2 адам 6 млн, теңге игерсе, «КазМикроФинанс(КМФ)» Темірлан филиалы арқылы 350 адам 180 млн. теңге, сондай-ақ «Арнур кредит» несие ұйымы арқылы 68 адам 46 млн. 800 теңге игерілген.