ТҮРКІСТАН: Өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнеркәсіп өнімі төмендеген

0
3 047


ТҮРКІСТАН: Өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнеркәсіп өнімі төмендеген

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі төмендегенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Оған себеп, негізгі өнеркәсіп орындары мұнай өңдеу зауыты, «Шымкент цемент», «Стандарт цемент», «Тассай» индустриялды аймағы, «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы, бәрі де қала аумағында қалған. Соның салдарынан көрсеткіштер біршама төмендеді»,-деді Төлеби ауданы әкімінің есебі барысында сөз алған Жансейіт Қансейітұлы.

Өңір басшысының айтуынша, Шымкенттей үлкен қаламен іргелес жатқан Төлеби ауданында өніріс орындарын дамытуға мол мүмкіндік бар екен. Сол себепті, төлебиліктер осы мақсатта жұмыс істеу қажеттігін тілге тиек етті.