ТҮРКІСТАН: Пандемия кезінде індеттен көз жұмған дәрігерлердің отбасына жәрдемақы төленеді

0
1 120

100-ден астам дәрігер вирус жұқтырған.


ТҮРКІСТАН: Пандемия кезінде індеттен көз жұмған дәрігерлердің отбасына жәрдемақы төленеді

Түркістан облысында пневмониядан 5 дәрігер көз жұмды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырып, оның 24-і емделіп шықты. Ал пневмония дертінен өкінішке қарай, 5 дәрігер көз жұмды. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Ө.Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

«Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз», деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлерге материалдық үстемақы бойынша наурыз-маусым айларына 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн. теңге берілген.

Айта кетсек, қазіргі уақытта коронавирус індеті облыстың барлық аймағына таралып, пневмония ауруы да өршіп тұр. Осыған орай карантин талаптарын сақтау әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынған.