ТҮРКІСТАН: Педагогтардың І республикалық съезі өтті

0
2 918

Түркістанда өткен І республикалық педагогтар сьезінің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ел болашағы –жастардың тәрбиешісі жаңашыл ұстаздардың әлеуетін көтеру,олардың оң тәжірибесін тарату, кәсіби құзіреттілігі мен мәртебесін қолдау.


ТҮРКІСТАН:  Педагогтардың І республикалық съезі өтті

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы– өскелең ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеу» тақырыбында педагог қызметкерлердің І республикалық съезі болып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сьездің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ел болашағы –жастардың тәрбиешісі жаңашыл ұстаздардың әлеуетін көтеру,олардың оң тәжірибесін тарату, кәсіби құзіреттілігі мен мәртебесін қолдау. Бұл іс-шара тәрбие мен білім беруде рухани жаңғыру жолын насихаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырта, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Съезде төмендегідей бағыттарда жұмыс жүргізілді:
- Білім мен тәрбие – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ықпалды
күші.
- Жетекші мектеп: жаңартылған білім мазмұны.
- Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы.
- Қазіргі педагогикалық технологиялар: дәстүрлер мен инновациялар бағыттарда
жүзеге асады.
Сьезге еліміздің түкпір-түкпірінен облыстық білім басқарма басшылары орынбасарлары, әдістемелік кабинет директорлары, педагогтер, облыстық әдістемелік кабинет директорлары, тәрбие жұмысына жауапты қызметкерлер, әдіскерлер, педагог- психологтар, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары және қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар мен әжелер кеңестерінің төрағалары, жалпы 800-ге жуық адам қатысты.
Сьезд бағдарламасына сәйкес Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты, «Абайтанушы» Омар Жәлелұлы қатысып, қазіргі таңдағы өзекті мәселе «Бала тәрбиесінің бүгінгі қоғамдағы маңыздылығы» тақырыбында ой қозғап, отбасындағы бала тәрбиесіне көбірек тоқталды. Сонымен қатар «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық бірлестігінің президенті, психология ғылымдарының докторы Перленбетов Мұқан Әтенұлы, тәжірибелі психолог Елшібаева
Күлмаш Ғалымжанқызы, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Атемова Қалипа Тұрсынқызы, Торыбаева Жамила Заханқызы, ф.ғ.к., тренер Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы және т.б. білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, ата-аналар кеңесінің төрағалары отбасындағы тәрбие мен қазіргі таңдағы қоғамның психологиялық жағдайын атап өтті, талқыға салды. Сьезд қорытындысында ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. Шара барысында қатысушыларға «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тәжірибелі психолог мамандары заманауи озық іс-тәжірибелер негізінде білім беру ұйымдарының басшыларына, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және білім беру саласындағы барлық қызметкерлерге, семинар-тренинг,шебер-сыныптар мен консалтинг талдау секілді кәсіби даму қызметтерінің жаңа инновациялық тәсілдерін ұсынды.
Іс-шараға Астана қаласындағы «Астана» тігін фабрикасының педагогтер мен мектеп оқушыларына арналған кәсіби стильдік киімдерінің үлгілеріне дефиле жасалды.
Сьезден соң еліміздің түкпірінен келген қатысушы педагогтерді Түркістан қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыруға саяхатқа алып шықты. Сьезд қорытындысында «Қазақстанның Білім және ғылым әлемі» журналының бас редакторы Сариева Дина Орынбекқызы үздік педагогтерге төсбелгілер мен дипломдармен марапаттады.