ТҮРКІСТАН: «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны 9 мыңнан асты

0
590

Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.


ТҮРКІСТАН: «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны 9 мыңнан асты

Түркістан облысында 9 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын қабылдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда оқушыларға, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасы салынып жатыр. Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны –9098 құрайды. Оның ішінде 7005-і жасөспірімдер болса, 1424 жүкті және лактация кезіндегі 669 әйел «Pfizer» екпесін алды.


Атап өтсек, мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен. «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Яғни, профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.


Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген.