ТҮРКІСТАН: Пневмония дертінен 200-ге жуық науқас емделіп шықты

0
851

Жалпы маусым айынан бастап, 344 адам пневмониямен ауруханада емделген.


ТҮРКІСТАН: Пневмония дертінен 200-ге жуық науқас емделіп шықты

Созақ ауданында 189 адам өкпе қабынуынан емделді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Созақ ауданында пневмония дертін жұқтырғандар саны кәзіргі танда 451 болса, оның ішінде провизорлық госпитальге жатып ем қабылдағандардың саны 189-ға жетті. Күнізгі бөлімде ем қабылдаған науқастардың саны 155. Яғни, бүгінде науқастардың 76,2 % пайызы толық емделіп шықты. Бұл туралы аудандық орталық аурухананның бас дәрігері Талғат Қалдыбеков хабарлады.

Жалпы маусым айынан бастап, 344 адам пневмониямен ауруханада емделген. Қазіргі таңда аудан көлемінде орналасқан провизорлық ауруханада пневмония белгілерімен ем қабылдап жатқан адам саны – 44. 38 адам орташа ауыр дәрежеде, 1 жүкіті әйел жатқызылды. 7 адам ауыр дәрежеде ем қабылдап жатыр. Амбулаторлық пневмония белгісімен үй жағдайында 107 адам ем қабылдап, дәрігер бақылауында болса, оның 4-і жүкіті әйел.

Бұдан бөлек, ауданда коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны – 156. Оның ішінде кәзіргі танда 62 азаматтарда клиникалық белгілері жоқ науқастар болса, 2 науқас жеңіл дәрежесі. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Аурудың 14 күн медициналық бақылау кезінде денсаулығына шағымы болмаған 88 азаматтардың бақылауы тоқтатылды. 6 науқас ауру дәрежесіне және клиникалық жағдайына байланысты Шардара, Бәдібек, Жетісай Кентау қаласында орналасқан инфекциялық ауруханаға жатып ем алуда.

«Қазіргі таңда мобильді топтар тынымсыз жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсатта ауыл кент округіне - аудан әкімшілігі тарапынан 13 автокөлікпен қамтамасыз етілді. Бұл топтар науқастарды ерте анықтап, ем тағайындайды. Ауруханаға жататын науқасқа жолдама береді», - деді аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков.