Кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынбаған.
Түркістан облысы ПД-ның қызметкері, полиция майоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялады.
Оның мәлімдеуінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен, өзінің лауазымдық өкілеттігін ұштастыру арқылы "қылмыстық жауапкершіліктен босатамын" деп, тұрғынның ақшалай қаражатын иемденіп алған Түркістан облысы полиция департаментінің аға криминалисі, полиция майоры әшкерленген.
Қазіргі уақытта полиция қызметкері кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынбаған.