Полиция қызметкерлері стреске төзімді болумен қатар, халыққа етене жақын, күрделі жағдайларда сенім тудыратын әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және бұзушылықтардың алдын - алудың соңғы әдістерін меңгеруі қажет.
Түркістан облысының полицейлеріне «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы аумақтық полиция бөлімдері басшыларының орынбасарлары, қалалық полиция органдары басшылары, орынбасарлары және жергілікті полиция қызметінің басшылары үшін «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырды.
Аталған семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары,Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Асанұлы Ғанижан, Филиал директорының м.а. Aжиханов Нұрлан Тобаханұлы, Облыстықполиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Халықов Бағлан Әнуарбекұлы ашты.
Семинардың негізгі мақсаты:
• Полиция органдарының басшылық құрамы қызметін заман ағымына сай жетілдіру үшін бейімділік пен кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;
• трансформациялық көшбасшылықтың жаңа мәдениет негіздерін қалыптастыру;
• жұртшылықпен тиімді қарым-қатынас дағдыларын және тәсілдерін дамыту.
Жалпы семинар 40 академиялық сағат көлемінде басқару тәсілі мен түрлері, басқаруға әсер ететін мінез-құлық, эмоционалды көшбасшылық, басшының стреске төзімділігі, халықпен өзара әрекет, әлеуметтік желілермен жұмыс сияқты өзекті мәселелер қаралып, құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, цифрландыру, киберқауіпсіздік тақырыптарында арнайы тренинг- дәрістер өткізілді.
Семинар соңында басқару технологиялары, атап айтқанда, полиция өкілдері жобалық менеджменттің негізгі құралдары мен әдістерін меңгере отырып, өз жұмыстарына қатысты тәжірибеге негізделген нақты Жобалар әзірледі.
Айтакетсек, мұндай семинарлар еліміздің барлық өңірлерде өтіп жатыр.