​ТҮРКІСТАН: Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

0
1 644

Түркістан облысының ішкі істер органдары қызметкерлеріне Жолдау насихатталды.


​ТҮРКІСТАН: Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Түркістан облысының тәртіп сақшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын Түркістан қаласы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында ұйымдастырылды. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков, оның орынбасары полиция полковнигі Бағлан Әнуарбекұлы Халықов, Департамент аппараты мен қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің басшылары қатысты.

Бас қосуда облыстық полиция басшысы Қ.Дәлбеков Жолдаудағы ішкі істер органы саласына жүктелген басты бағыттарға баса назар аударды.

Президентіміздің Жолдауындағы халықпен тиімді кері байланысты күшейтуге тоқталып, азаматтардың өтініштерін және шағымдарын сапалы қарауға, ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түрі ретінде браконьерлік қылмыстар мәселесіне, әлі күнге дейін түрлі ауыр қылмыстардың орын алуына нақты шаралар көрілуін бірінші кезекке қойып, нәтижелі жұмыстар атқару керектігін айтқан полиция басшысы, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда аянбай еңбек етіп, жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетіп-антына адал парасатты полицей болуға шақырды.

Жиын соңында бас полицей барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің басшыларына тиянақты тапсырмаларын беріп, мемлекет басшысының жүйелі жолдауын жеке құрамдарға жеткізіп, толықтай іске асыру үшін жұдырықтай жұмылу керектігін айтты.

Өз кезегінде, Жолдауды зор ықыласпен тыңдаған полицейлер артылған сенімді ақтап, берілген тапсырмаларды дер кезінде іске асыруға уағдаласып, өз ойларын ортаға салды.