ТҮРКІСТАН: Прокурорлар баспаналы болды

0
1 576

Сарыағаш ауданында аудандық прокуратураның 8 қызметкері баспанаға қол жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Прокурорлар баспаналы болды

Сарыағаш ауданындағы прокуратура қызметкерлеріне тұрғын үй кілті тапсырылды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Бүгін Сарыағаш ауданы прокуратурасының 8 жанұялы қызметкерлері «Кеден қалашығында» орналасқан жаңа пәтерге қоныстанды.

Бұған дейін аудандық прокуратура қызметкерлері орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ және одан да басқа тұрмысқа қажетті жағдайлары жасалмаған жалдамалы пәтерлерде тұрып келген.
Бұл жаңа пәтерге қоныстанушыларға қызметтік пәтерлердің кілтін облыс прокурорының өзі Нұрғалым Әбдіров тапсырды. Жаңа қонысқа ие болған прокуратура қызметкерлеріне облыс прокуроры отбасылық амандықты тіледі.
Бүгінгі күні Түркістан облысы бойынша ведомствалық пәтерде прокуратура органының 34 қызметкері тұрып жатқан көрінеді.
Тұрғын үйді қажет ететін басқа да қызметкерлерге , әсіресе Түркістан қаласына қоныстанған прокурорларды үй-жаймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатқанға ұқсайды.