Өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен белді мүшелері қатысты.
“Qazaqstan Ardagerleri” қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Түркістанға арнайы іссапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Qazaqstan Ardagerleri” қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл арнайы іссапармен келді. Сапар барысында өңірдегі түрлі қоғамдық ұйым ардагерлерімен кездесу өткізді. Аталмыш шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, Қазақстан Республикасы жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов және өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен белді мүшелері қатысты.
Жиында алғаш сөз алған Бақытбек Смағұл ардагерлердің қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлары жайлы баяндады. Сонымен қатар ардагерлердің құқығын қорғайтын барлық қоғамдық ұйымдардың бірігіп, жұмыла әрекет ету керектігін баса айтты.
Жиын соңы пікір алмасуға ұласып, ардагерлер көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, жиында белсенді ардагерлерге ҚР Қорғаныс Минстрлігі мен Республикалық одақтың арнайы төсбелгілері табысталды.