ТҮРКІСТАН: Рамазан айында діни рәсімдерге шектеу болмайды

0
694

Вакцина оразаны бұзбайды.


ТҮРКІСТАН: Рамазан айында діни рәсімдерге шектеу болмайды

Биыл Рамазан айындағы діни рәсімдерді атқаруға шектеу жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Рамазан айы 2-сәуірден басталып, мамырдың 1-күні аяқталады. Карантиндік талаптардың жеңілдеуіне байланысты мешіттерде атқарылатын діни амалдардың барлығы және ауызашар сынды рәсімдер толықтай атқарылады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов мәлімдеді.


«Қадір түні» сәуірдің 27-нен 28-не қараған түнге тура келіп отыр. Ал, 2-мамыр Ораза айттың алғашқы күні. Биылғы пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 500 теңге болып белгіленді. Бұл баға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің ұйғаруымен 2 келі ұнның орташа есебімен алынды», - деді Еркебұлан Ыбырайымұлы.


Сондай-ақ, инфекцияға қарсы салынған екпе Оразаны бұзбайды. Өңірдің Бас имамы азаматтарды қасиетті Рамазан айында жақсылықтар жасауға шақырды.