ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов құрылыс компанияларының өкілдерін қабылдады

0
780

Құрылыс жұмыстарының жүйелі жүргізілуі жіті назарда.


ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов құрылыс компанияларының өкілдерін қабылдады

Түркістанның әкімі құрылыс компанияларының өкілдерін қабылдады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қаладағы әкімшілік-іскерлік орталықта құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания өкілдерін қабылдады.

Аталған қабылдау барысында "Қуаныш-2030", "Жаңа Арна Құрылыс", "Ныш-Ер", "Тамыз Құрылыс ББК", "Темир и К" және "А.Р.Т-Құрылыс" ЖШС компаниялары қазіргі жұмыс барысы жайлы баяндап, жұмысты аяқтау жоспарлары жайлы айтты.

Атап өтсек рухани астананың күн сайын қарыштап дамуы мен тұрғындарға қуаныш сыйлауға әсері өте мол көпқабатты тұрғын үйлердің жылдам да сапалы салынуы жіті назарда.

Дегенмен облыс орталығында құрылған кестедегі уақыт межесінен қалып кеткен құрылыс компаниялары да жоқ емес. Онда жұмысшылар санының аздығы да бар. Оларға бүгін арнайы уақыт беріліп, берген уәдесі бойынша сол күндерде жұмысты ширата отырып, яғни жыл соңына дейін аяқтау тапсырылды.

Айта кетсек, Түркістан қаласында 2020 жылдың соңына дейін бір жарым мыңға жуық отбасыға жаңа баспана беріледі деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары облыс басшысының тікелей бақылауында.