ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов полицейлермен бірге карантиндегі тәртіпті бақылады

0
1 129

Талап бойынша адамдар қажеттілікпен үйіне жақын орналасқан дүкен, дәріханаға ғана бара алады.


ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов полицейлермен бірге карантиндегі тәртіпті бақылады

Рашид Абатұлы карантин режиміндегі жол қозғалысы барысын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуке хан даңғылы мен С. Қожанов көшесі бойында жұмыс орны бойынша анықтамасыз және қосымшаға тіркелмеген азаматтар, сондай-ақ жұмысы тоқтамаған мекемелер қызметкерлерінің арнайы құжатпен жүруі жіті тексерілді.

Өкінішке қарай, қала басшысы барған түскі уақытта ары-бері ытқыған көлік саны айтарлықтай көп. Тек темір тұлпарлар ғана емес, адамдардың да қарасы қалың. Оның басым бөлігі дүкенге келушілер. Тексеріс бойынша, карантин режимі талаптарын орындамаған азаматтарға әкімшілік жауапкершіліктер қаралуда.

Талап бойынша адамдар қажеттілікпен үйіне жақын орналасқан дүкен, дәріханаға ғана бара алады.
Айта кетейік, шұғыл медициналық қажеттілік немесе емдеу үшін 1 сағат, азық-түлік немесе дәрі-дәрмек сатып алу үшін 30 минут, жақын туыстың жерлеуіне қатысу 1 сағат, сондай-ақ, ұйымдар мен тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындарға жұмысқа шығу 6.00 мен 23.59 аралығы берілген.
Қалаға шығу үшін өтінім Amazing Turkistan қосымшасы арқылы да жүзеге асады.