Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 жұп таңдалып алынады.
Түркістанда алғаш рет «Рухани мекенде неке қию» туристік маршрутының ашылуы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» Ғашықтар күніне орай Түркістанда алғаш рет жас отбасылар арасында «Неке қию» туристік маршрутының ашылуы өткізілмек.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 жұп таңдалып алынады. Жеңімпаздар Түркістан өңіріне келіп-кету билеті, қонақ үйде тұру билеті мен романтикалық кешкі асқа ие болады.
Жоба қасиетті Түркістанда ата-баба салтымен қиылған некенің баянды, бақытты боларына үндейді. Ясауиден, Арыстанбабтан дұға етуден бөлек, Рабия бегім, Гауһар ана, Домалақ ана сынды қазақ ұғымындағы қастерлі аналарға тәу ету арқылы жас келіндерге ұлттық ұғыммен шаңырақты сақтау жолында баталар жасалады.
Бұдан бөлек, байқауға қатысушы жұптарға арнайы отбасылық қатынастар жөніндегі жетекші психолог Ержан Мырзабаевтың шеберлік сабағына қатысу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, Түркістанда этнотуризмді дамыту мақсатында Этноауылда ұлттық стильде фотосессия, ұлттық дәртүрлердің мәнін түсіндіру секілді бағдарламалар ұйымдастырылады.