ТҮРКІСТАН: Садақа жәшіктеріне ұрлыққа түскендер ұсталды

0
1 238

Тәртіп сақшылары қылмыс орнын мұқият тексеріп, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүргізгеннен кейін, мешіттегі ұрлыққа қатысы бар күдіктіні құрықтады.


ТҮРКІСТАН: Садақа жәшіктеріне ұрлыққа түскендер ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданып, таңғы уақытта белгісіз тұлға ауылдық мешіттің садақа жәшігіне ұрлыққа түскенін жеткізген , - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобының қызметкерлері барып, ұрылар мешітке ашық тұрған есіктен кіргенін және садақаға арналған металл жәшігін ашып, ішінен ақша ұрлап кеткенін анықтаған. Сондай-ақ, аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркелген.

Тәртіп сақшылары қылмыс орнын мұқият тексеріп, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүргізгеннен кейін, мешіттегі ұрлыққа қатысы бар күдіктіні құрықтады. Шардара ауданының тұрғыны болып шыққан күдікті полиция басқармасына жеткізіліп, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, осыған ұқсас тағы бір қылмысты Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Сол ауылдың тұрғыны екені анықталған күдікті кезекші бөлімге іргелес жатқан ауылдардың бірінің зиратындағы садақа жәшігінен 12 мың теңге көлемінде ақша ұрлап кеткен. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған ақшалар алынды. Бүгінде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.