ТҮРКІСТАН: Сайлау учаскелерінде карантин талаптары қатаң сақталады

0
2 674

Азаматтар бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.


ТҮРКІСТАН: Сайлау учаскелерінде карантин талаптары қатаң сақталады

Түркістан облысындағы барлық сайлау учаскелерінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде карантин тараптары қатаң сақталады. Барлық сайлау учаскелерінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу шаралары жүргізілуде. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқармаларының мамандары тарапынан коронавирусқа қарсы карантиндік талаптарды және санитариялық – дезинфекциялық режим сайлауға дауыс беру кезінде әлеуметтік арақашықтық сақталып, карантин режимінің орындалуы пысықталып, санитарлық ағарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дауыс беру күні сайлау процесінің барлық қатысушысы әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін сақтауы қажет. Сайлау учаскесіне келген кезде бір реттік медициналық немесе қорғаныс маскалары мен қолғаптарын кию режимін сақтау қажет және сайлау учаскесінде орнатылған қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құралы бар санитайзерлерді пайдалану керек.

Азаматтар бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Сондай-ақ қол алысудан немесе тікелей байланыстың басқа түрлерінен аулақ болып, жеке автоқаламдарын пайдалану керек. Егер сайлауға қатысушы КВИ-ден емделіп, карантинде болса, онда ол оны комиссия мүшелеріне алдын ала ескертіп, хабарлауы қажет.

Сайлау учаскесінде қорғаныш құралдары (маска, қолғап, антисептик, т.б.) жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі керек және масканы әр 3 сағат сайын ауыстырып отыру ұсынылады. Дауыс беру күні сайлау процесіне қатысушылардың барлығы тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауы тиіс.