ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданы өнеркәсіп саласында 24,4 млрд теңгенің өнімін өндірген

0
604

Өсім 12,4% құраған.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданы өнеркәсіп саласында 24,4 млрд теңгенің өнімін өндірген

Сайрам ауданында негізгі капиталға 24,6 млрд теңге инвестиция тартылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы аграрлы аудандардың бірі Сайрам ауданында ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға 24,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бағытталған инвестиция бойынша ауданның үлесі облыс көлемінде 5,1% құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифингте аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді.
Сонымен қатар, ауданда өнеркәсіп саласында 24,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 12,4% құраған.

«Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында» Сайрам ауданында соңғы бес жылдықта құны 11,6 млрд теңгелік 12 жоба іске қосылып, нәтижесінде 610 жұмыс орны ашылған болатын. Ал биыл жыл соңына дейін Индустрияландыру картасы аясында 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын 1,4 млрд теңгеге 5 жобаның іске қосылады. Олар: жылдың қуаттылығы 15 тонналық «AYKAN» ЖШС-ң «Сүт өңдеу зауытының құрылысы»; жылына 20 мың тонна өнім өндіретін «Көктал групп» ЖШС-ң темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты; «ELIT STRОY M&A» ЖШС-ң тауарлы бетон мен асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылысы. Қуаты тауарлық бетон - 40 мың текше метр, асфальт бетон - 13 мың текше метр; «DARIA групп» ЖШС-ң темір-бетон және бетон бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы. Қуаты тауарлық бетон жылына - 21 мың текше метр; «Конус и К» ЖШС-ң темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Қуаты жылына 10 мың текше метр», - деп атап өтті аудан басшысы.

Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылдың 10 айында 127,7 млрд теңгеге жетіп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,1%-ды құраған. Жалпы өнімнің 57,7%-ы ауыл шаруашылық саласына тиесілі.

«Аудан экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында 73,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 3,3% құрады. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 11,6%-ды құрап, 2-орынды иемденіп отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында аудандағы егіс көлемі - 52 047 гектарға, қарқынды бау көлемі - 455 гектарға жетті. Жылыжай көлемі 7,1 га жерге салынып, жалпы көлемі 45,9 гектарды құрады. Бүгінгі күнге жылыжайлардың 1 айналымынан жалпы 3,9 мың тонна өнім өндірілген», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Облыс әкімінің «Израильдік технологияны ендіру» тапсырмасына сәйкес, ауданда тамшылатып суғару әдісі 87 үй іргелік шаруашылықта енгізілген.