ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында жезөкшелердің 5 притоны әшкере болды

0
2 631

Қонақ үй меңгерушісі жеңіл жүрісті қыздарды жинап қонақтарының көңілін көтеріп, жезөкшелікке жалдаған.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында жезөкшелердің 5 притоны әшкере болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысқан 5 бірдей притонды әшкереледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

15 наурыз күні Сайрам ауданындағы қонақ үйлердің бірінен секс-притон анықталған. Қонақ үй меңгерушісі жеңіл жүрісті қыздарды жинап қонақтарының көңілін көтеріп, жезөкшелікке жалдаған. Тәртіп сақшылары құрықтаған сәтте ұсталғандардан травматикалық тапанша, ақша секілді айғақ заттар тәркіленіп алынған.

"Бүгінгі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер травматикалық тапаншаны сақтаудың заңдылығын тексеруде", -деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Стоп-траффик» жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың 5 жайтының жолын кескен. Тәртіп сақшыларымен 10-нан астам жеңіл жүрісті қыздар есепке алынған.

Барлық аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.