ТҮРКІСТАН: Сайрам мен Төлебиде карантин күшейтілді

0
1 175

Тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат беріледі.


ТҮРКІСТАН: Сайрам мен Төлебиде карантин күшейтілді

Түркістан облысының Сайрам, Төле би аудандарында карантин мен шектеу шаралары қатаңдатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 27 шілдеде өткен отырысындағы хаттамасына сәйкес, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Искаковтың «Сайрам, Төлеби аудандары аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 Қаулысы шықты.


Атап айтсақ, Шымкент қаласы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта. Сондықтан аталған аудандар территориялық жағынан Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан әрі тұрғындардың қарым-қатынасы тығыз байланыста болғандықтан шектеу шараларын қатаңдатуға тура келді. «Ashyq» жобасын енгізбеген нысандардың жұмыс жасауына тыйым салынады. Тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат беріледі.


«Ashyq» жобасымен жұмыс жасайтын мейрамхана, дәмхана, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары, бассейндер, сауда үйлері, сауда желілері, бильярд, компьютерлік клубтар, сұлулық салондар, шаштараздар жұмыс күндері кешкі сағат 20:00 ге дейін жұмыс жасайды, сенбі, жексенбі күндері қызметтеріне тыйым салынады.


Сондай-ақ, «Ashyq» жобасымен жұмыс жасайтын демалыс үйлері, туристік базалар және жағажайлар азық-түлік емес дүкендер, ашық, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, батуттардың сенбі, жексенбі күндері жұмысы тоқтатылды.