Тұрғындарды табиғи газбен шұғыл түрде қамту үшін жұмыстар жүргізуде.
Сайрам ауданындағы бірнеше ауыл көгілдір отынмен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам ауданындағы Қарабұлақ, Нұржанқорған, Ханқорған, Қосбұлақ, Арыс ауылдарында көгілдір отынды кіргізу жұмыстары аяқталып, табиғи газ берілді. Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев газ берілген өңірлерге барып, тұрғындарды газбен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
«КазТрансгазаймақ» АҚ Сайрам ауданындағы бөлімшесі және «Интергаз орталық Азия» Акционерлік қоғамы «Шымкент» магистральды газ құбырлары тарапынан тұрғындарды табиғи газбен шұғыл түрде қамту үшін нақты жұмыстар жүргізуде.