Семинардың басты мақсаты деструктивті діни ағым жақтастарымен оңалту жұмыстарын жүзеге асыратын имамдардың біліктілігін арттыру.
Сайрам ауданында Деструктивті діни ағым жақтаушыларын оңалту жұмыстары бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының мұрындық болуымен және облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Сайрам аудандық мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерлері мен сала мамандарына Деструктивті діни ағым жақтаушыларын оңалту жұмыстары бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Шоқанов, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы, қала, аудан бас имамдары мен діни оңалтуға жауапты мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты деструктивті діни ағым жақтастарымен оңалту жұмыстарын жүзеге асыратын имамдардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ білім алудың және оны өзгелермен бөлісудің маңызы, жат діни ағымдардың алдын алуда Ақиданың (Сенім) маңызы мен жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру және ғаламтор беттеріндегі түрлі деструктивті сипаттағы кереғар діни ағымдар мен олардың радикалды бағыттағы уағызшыларына, әдебиеттеріне қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру болып саналады.