ТҮРКІСТАН: Сайрамда газбен қамту көрсеткіші 73,8 пайызға жетті

0
553

Аудан 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда газбен қамту көрсеткіші 73,8 пайызға жетті

Сайрам ауданында газдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сайрам ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір оның үлесі 73,8 пайызға жетті. Тұрғындармен кездескен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков газдандыру ісіне қарқын қосуды тапсырып, бұл аса маңызды жобаның жүзеге асырылуын тікелей қадағалап отыратынын айтты.


Ақбай ауылындағы Жаңақұрылыс аумағындағы 150-ге жуық тұрғын үйдің басым бөлігі табиғи отынмен қамтылған. Жергілікті бюджет есебінен нысан құрылысына 67721,26 мың теңге қаражат қаралып, игерілген. Жаңа аумақтағы көшелерге жалпы ұзындығы 4,86 шақырым газ құбыры тартылған. Нысанның құрылысы 2020 жылы басталып, былтыр қабылданған.


Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 42 елді мекендерінен 2021 жылдың қортындысымен 31 елді мекен (73,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген. 5 жоба бойынша 7 елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жылы жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастырылып, мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары атқарылуда. Аудан 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.