ТҮРКІСТАН: Сайрамда мәдениет үйі пайдалануға берілді

0
1 005

Аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше жылдан бері көтеріліп келген болатын.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда мәдениет үйі пайдалануға берілді

Сайрам ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Тәуелсізідік күні қарсаңында заманауи талаптарға сай бой көтерген екі қабатты мәдениет үйі ғимараты ел игілігіне берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, ақбұлақтықтарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.


Аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше жылдан бері көтеріліп келген болатын. Нәтижесінде бұл аудан басшылары тарапынан назарға алынып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарлама аясында былтыр қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары мердігер мекеме – «Шаңырақ-ХХІ» ЖШС тарапынан жүргізілді.


Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы 31 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 10 мәдениет үйі бар. Ал Ақбұлақ ауылындағы бұл ғимарат 11-ші болып іске қосылып отыр. Мұнда кітапхана да қамтылған. Алдағы уақытта ғимаратта мәдениет пен спорт үйірмелері ауыл халқының игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, жастармен қатар қарияларымыздың да бос уақытын тиімді пайдалану үшін мүмкіндік болады.


Айта кетейік, биыл жыл басынан бері 14 мәдениет нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде Бәйдібек ауданында 1 кітапхана мен Арыс қаласы мен Сарыағаш, Түлкібас, Келес, Төлеби аудандарында 7 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, бүгін Сайрам және Қазығұрт ауданында ашылып отыр. Ал Мақтаарал және Қазығұрт, Шардара аудандарында 4 мәдениет үйі жыл соңына дейін ашылатын болады.