ТҮРКІСТАН: Сайрамдағы мектептер толықтай көмірмен қамтылды

0
498

88 білім беру мекемелері жұмыс атқарады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдағы мектептер толықтай көмірмен қамтылды

Сайрам ауданында білім беру мекемелерін көмірмен қамтамасыз ету 100 %-ға орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжіліске ауыл округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.Түктібай, «Ақсукент» Сайрам аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Қ.Ыдырысов, «Қарабұлақ» аудандық орталық аурухана бас дәрігері Э.Қожахметова қатысты.


Бүгінгі күнге дейін бірде бір ауыл округі азаматтардың әлеуметтік мәртебесін айқындайтын дәлелді құжаттарын орталыққа ұсынбаған. Бірыңғай жиынтық төлемін төлету мәселесіде көңіл қуантарлық емес, өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда төлем жүйесін іске асырғандар саны 4850 азаматтан 175 азаматқа ғана артып, төлегендер саны небәрі 5025 азаматты құрап отыр.


«Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындарын ашу өте төменгі деңгейде іске асып келеді. Жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес, жыл ағымында 61 жобаны іске асырып, 681 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделсе, бүгінгі күнге 29 жоба ғана іске асырылып орталық арқылы 61 жұмыс орындары құрылды. Осы жобаларды іске асыруға тиісті құрылыс бөліміне, білім бөліміне, жолаушыларды тасмалдау және көлік бөліміне, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне бірнеше рет хат жолданғанымен ешқандай нәтиже бермей отыр. Құрылатын жаңа жұмыс орындары саны жергілікті ауыл әкімдерінің атқарған қызметтерінің тиімділігін бағалаудағы негізге фактор екенін басшылыққа алып,Сіздерден жаңа жұмыс орындарын құрылуына өз тараптарыңыздан ықпал етулеріңіз қажет», - дейді баяндамасында аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Сарыбеков.


2021-2022 жылдар аралығындағы жылыту маусымына білім беру және жергілікті бюджеттік мекемелерін көмір, сұйық отын және табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 8891,5 тонна қатты және 1159495 тонна сұйық отын қаралған. Ауданда 88 білім беру мекемелері жұмыс атқарады. Олардың ішінде: көмірмен жылытатын 40, сұйық отынмен 3 және табиғи газбен жылытатын 45 білім беру мекемелері тіркелген.


Білім беру мекемелерін көмірмен қамтамасыз ету бойынша жеңімпаз "РеалТранс" ЖШС анықталып, әр тоннасын жеткізіп беруімен 11611,2 теңгеден құрады. Бүгінгі таңда, 8539,5 тонна көмір жеткізіліп, 100 пайыз орындалды.