Қажеттілігі бар бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сайрам ауданында су шайып кету қаупі бар канал ретке келтірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бахытбек Хасановтың биылғы екінші тоқсанда Арыс ауылдық округының тұрғындарымен өткен кездесуінде канал мәселесі көтерілген болатын.
Кездесу нәтижесінде, тұрғындардың өтініштері назарға алынып, оң шешімін тапты. Бүгінгі таңда «Қалмақтоған» каналының су шайып кету қаупі бар бөлігі ретке келтірілді.
Ұзындығы 4 шақырымды құрайтын канал "Ақсу" МКК-і тарапынан қазылып, қажеттілігі бар бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көктемгі егіс науқанында елдімекенге ағын су өз деңгейінде және кезегімен жеткізіледі.