Қазақстан Республикасы чемпионатының жасөспірім футболшылар жарысы өтті.
Сайрамдық футболшылар жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында бірінші орын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жақында Жамбыл облысы, Қаратау қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, ауыл балалары, жасөспірімдер мектебі командалары арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жасөспірім футболшылар жарысы өтті.
Спорттық байқау барысында Сайрам ауданы, Көлкент елдімекенінің жасөспірімдері өздерінің бақтарын сынады. Нәтижесінде ерекше ептіліктерімен көзге түсіп, жүлделі 1-орынды еншіледі.
Жасөспірімдердің аламан жарысқа қатысуына Көлкент елдімекеніндегі Элдаржан Юлдашов, Бахтияр Сайдиахметов пен Хуршид Тулкинов бастаған белсенді азаматтар атсалысты.
Айта кетсек, аталған жарыс Жамбыл облысының Қаратау қаласында 10 маусым күні басталып, күні кеше өз мәресіне жетті.