ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 700-ден астам тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылады

0
830

Абоненттерді ескі электр желісінен жаңа электр желісіне қосу жұмыстары қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 700-ден астам тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылады

Сарыағаш ауданына қарасты Көктерек елді мекенінде электр қуатымен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданына қарасты Көктерек елді мекенінде 700-ден астам тұрғын үй электр қуатымен қамтылады деп күтілуде. Осы орайда аудан басшысы Арман Абдуллаев кент тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамту жұмыстарымен танысты.


Аталған электр жүйесінің құрылысы 2022 жылы басталып, биыл ел игілігіне пайдалануға берілмек. Бүгінде ішкі көшелерге электр бағаналары мен желілері тартылып, 15 дана трансформатор қондырығысы электр желісіне қосылған. Сонымен қатар абоненттерді ескі электр желісінен жаңа электр желісіне қосу жұмыстары қолға алынған. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан соң ауыл аумағындағы 713 тұрғын үй сапалы электр энергиясымен қамтылады.


Құрылыс жұмыстарын аралау барысында аудан әкімі абоненттерді ескі электр желісінен жаңа электр желісіне қосу жұмыстарын межеленген уақытта аяқтап, ел игілігіне беруді тапсырды.