ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 900-ге жуық үйге таза ауызсу беріледі

0
443

7 мыңнан астам тұрғын игілігін көреді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 900-ге жуық үйге таза ауызсу беріледі

Сарыағашта сапалы ауыз сумен қамту жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалаларды сапалы ауыз сумен қамту жұмысы жалғасуда. Сарыағаш ауданында да арнайы жоспар жасалған.


Осы орайда, аудан басшысы Қабланбек ауылдық округінде болып, Ақниет, Қанағат, Жонарық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, Ақниет елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су қоймасының құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып, сапасын тексерді.


Аудан басшысы Арман Абдуллаев елді мекендердегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысып жүргені белгілі. Көп жағдайда мердігерлер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың сын-ескертпелер айтылып жатады.


Сондықтан елдің игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.


Айта кетсек, Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ақниет, Жонарық және Қанағат елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жолындағы құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 878 тұрғын үй, яғни үш елді мекеннің 7 мыңнан аса тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жоспарлануда.