Бүгінгі таңда апатты ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев әр екі апта сайын құрылыс алаңын тексеріп жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың жұмыс жоспарына сәйкес, әр екі апта сайын құрлыс жұмыстарының басында болып, құрылыс қарқыны мен сапасын тексеру жоспарланған.
Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы апаттық жағдайдағы №2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын бұзу жұмыстарының барысымен танысты.
Айта кетсек, аталған мектептің ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты бүгінгі таңда апатты ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта мердігер мекеме анықталған соң, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орындық мектеп ғимараты салынатын болады.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповқа мектеп ғимаратын бұзу жұмыстарын тездете отырып, жаңа мектепке арналған жерді құрылысты бастауға дайындауды тапсырды.