ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кәсіпкер зияткерлік мектеп салып жатыр

0
636

Бұл мектепте оқушылар күні бойы сабақ оқып, үй тапсырмасын орындап, үйірмелерге қатыса алады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кәсіпкер зияткерлік мектеп салып жатыр

Сарыағаш ауданында білім ұяларының саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде жекеменшік мектеп ашатын кәсіпкерлердің саны артып келеді. Сондай қалталы азаматтардың бірі Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінен заманауи мектептің құрылысын жүргізіп жатыр. Аталған нысанға ат басын бұрған аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарымен танысты.


«Ауданымызда жыл санап жекеменшік зияткерлік мектептер саны артуда. Бұл көзқуантарлық жағдай. Бұл өз кезегінде мектептердегі білім сапасының артуының кепілі», - деді құрылыс басында болған аудан басшысы Арман Айдарұлы.


Құрылыс жұмыстарымен таныстырған жеке кәсіпкер аудан әкіміне балаларға қажетті жағдай жасалатынын, сонымен қатар, жұмыстар құрылыс нормаларына сәйкес жүргізілетінін атап өтті.


Айта кетсек, жекеменшік мектептің құрылысы 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.


Бұл мектепте оқушылардың күні бойы сабақ оқуына, үй тапсырмаларын орындауына және үйірмелерге қатысуына жағдай қарастырылатын болады.