Тәулігіне 50-ге жуық ауыл тұрғынына медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы.
Сарыағаш ауданына қарасты Еңкес елді мекенінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданына қарасты Еңкес елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
"Еңкес ауылында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Ендігі кезекте ауыл тұрғындары жоғары сапалы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады. Дендеріңіз сау, ауырмай жүрулеріңізге тілектеспін. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жемісті еңбек етеді деген сенімдемін. Жаңа нысан құтты болсын",— деді аудан басшысы.
Жаңа орталық алдағы уақытта тәулігіне 50-ге жуық ауыл тұрғынына медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы. Сонымен қатар амбулаторияда білікті дәрігерлер қызмет атқарады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары аталған орталықтың көмегіне жүгініп, ем-дом шараларын қабылдай алады.