Тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынған.
фото: видеодан алынған
Сарыағаш ауданының әкімшілік сотының судьясы пара алды деп күдіктілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Сарыағаш аудандағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының парақорлық фактісін анықтады.
"2019 жылғы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды" делінген таратқан хабарламаларында.
Тергеу шеңберінде, судьяның шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарастырғаны үшін Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатыстылығы тексерілуде.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.