ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында өнеркәсіп өнім көлемі 9 млрд. теңгеден асқан

0
941

2 мыңға жуық кәсіпкер 7 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында өнеркәсіп өнім көлемі 9 млрд. теңгеден асқан

Түркістан облысы Сауран ауданында кәсіпкерлік салада өсім байқалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданының экономикалық дамуын анықтайтын басты салалардың бірі өнеркәсіп саласында былтыр 9 млрд 47,3 млн теңгенiң өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,6% өсімді көрсетті.


Ал, өндеу өнеркәсібінде 7 млрд 792,1 млн теңгенің өнімі өндірілген. Жалпы құрылғанына бір жылға жуықтаған ауданда ірілі-ұсақты 33 кәсіпорын жұмыс атқарады. 2 мыңға жуық кәсіпкер 7 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.


Атап өту қажет, ауданда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 2073 субъект тiркелiп, қазіргі таңда 2029 белсендi азамат тұрақты жұмыс істеп жатыр.