ТҮРКІСТАН: Сауранда жаңа демалыс аймағы ашылады

0
652

Кешенде - монша, бассейн, барбекю аймағы, терасса мен арнайы орындықтар болады.


ТҮРКІСТАН: Сауранда жаңа демалыс аймағы ашылады

Сауран ауданында биыл жаңа демалыс аймағы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданы Иассы ауылдық округінде жаңа демалыс аямағы ашылмақ. Оның құрылыс жұмыстарын «OZEN construction» ЖШС мекемесі жүзеге асыруда. Жалпы аумағы 1,5 гектарды құрайтын демалыс орны ашылған кезде 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады. Кешенде - монша, бассейн, барбекю аймағы, терасса мен арнайы орындықтар болады.


Аудан көлемінде 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді. Салада өндірілген өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 млрд теңгеге артып, 49,4 млрд теңгені құраған. Ал биыл өнім көлемін 85 млрд теңгеге жеткізу көзделген. Былтыр кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдау бағытында «Даму қоры» арқылы 19 жоба субсидияланған.