ТҮРКІСТАН: Шардара ауданында 30-ға жуық трепанация отасы жасалды

0
933

Науқастар облыс орталығына бармай-ақ, аудан ауруханасында толық емін ала алады.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданында 30-ға жуық трепанация отасы жасалды

Шардара ауданында инсульт алып, басына қан құйылған және басынан жарақат алған науқастарға трепанация жасалынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданының орталық ауруханасында жыл басынан бері инсульт алып, басына қан құйылған және басынан жарақат алған науқастарға 30-ға жуық трепанация жасалынып, аурулар сауықтырылуда. Сауықтыру барысында Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы алып берген КТ аппараты қолданылып жатыр.


Шардара ауданының орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Азтаев нейрохирургия саласын жетік меңгерген. Қазіргі таңда ауданда бірнеше хирург шәкірті бар. Сонымен қоса ауданда 2020 жылдан бері өттегі тас ауруына, бауыр эхинококк құрты ауруына лапороскопиялық жолмен ота жасау қолға алынған. Қазіргі таңда науқастар облыс орталығына бармай-ақ аудан ауруханасында толық емін ала алады.