ТҮРКІСТАН: Шардарада бірқатар тауарлардың бағасы арзандады

0
688

Қосымша әлеуметтік тауарлар жеткізіледі.


ТҮРКІСТАН: Шардарада бірқатар тауарлардың бағасы арзандады

Шардара ауданына әлеуметтік кәсіпкерлік «Тұрақтандыру қорынан» 3 тонна картоп пен 1 тонна сәбіз жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шардара ауданына әлеуметтік кәсіпкерлік «Тұрақтандыру қорынан» 3 тонна картоп пен 1 тонна сәбіз жеткізілді. Бұған дейін нарықтағы картоптың бағасы 200-220 теңге, сәбіздің бағасы 250 теңгені құрайтын. Ал, арнайы қордан жеткізілген картоп пен сәбіздің келісі 140 теңгеден сатылып жатыр.


Аудандық кәсіпкерлік бөлімі әлеуметтік азық-түлік бағаларына ұдайы мониторинг жүргізуде. Мониторингтік бақылау нәтижесінде өткен аймен салыстырғанда азық-түлік бағаларының қымбаттамағаны анықталып отыр. Мамандар алдағы уақытта қосымша әлеуметтік тауарлар жеткізілетіндігін айтты.