ТҮРКІСТАН: Шардарада қайығы аударылып кеткен балықшы құтқарылды

0
1 172

Балықшы үрмелі қайығымен аударылып кеткен.


ТҮРКІСТАН: Шардарада қайығы аударылып кеткен балықшы құтқарылды

Түркістан облысы Шардара қаласындағы Шардара су қоймасында балық аулауға шыққан ер адам батып кете жаздады. Қайығы аударылып кеткен балықшыны құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

22 шілде күні сағат 13.50 шамасында ер адам үрмелі қайықпен Шардара су қоймасына балық аулауға шыққан. Жағадан екі километр қашықтыққа алыстаған сәтте қатты жел тұрып, қайық аударылып кеткен. Балықшының жеке құтқару құралдары болмаған. Үрейі ұшқан ер адам ескектерді түсіріп алған.

"22 шілде күні сағат 14.45-те жедел кезекшілердің басқару пультіне Түркістан облысы Шардара қаласындағы Шардара су қоймасында балықшыға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Шымкент қаласы ТЖД Шардара құтқару бекетінің 5 құтқарушысы 1978 жылы туған ер адамды судан аман алып шығып, қажетті көмек көрсетті," - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.