ТҮРКІСТАН: Шардарада "Жасыл ел" еңбек жасағы жұмысын бастады

0
2 493

Жастардың жалақысы 50-70 мың теңге аралығында болмақ.


ТҮРКІСТАН: Шардарада

Шардара ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағы құрылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда маусым айында 15 жас жұмысқа тартылды.
Еңбек жасағына кіретін жастардың жас ерекшелігі 16-29 жас аралығында болады және жалақысы 50-70 мың теңге шамасында төленбек. Сонымен қатар, арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетсек, 2005 жылы Қазақстан Республикасында Елбасының бастамасымен "Жасыл ел" бағдарламасы кең қанат жайды. Бұл жоба республиканың жас азаматтарының тек қана елдің көгалдануына ғана емес, оған қоса, біздің ортақ шаңырағымыз Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буын тәрбиелеуді мақсат тұтады. Ұйымның басты мақсаты – жастардың көмегімен аймағымызды көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау. Түркістан облысының бұрынғы әкімі Ж.Түймебаевтың 20 ақпандағы «Жаңарған Түркістан – жаңа мүмкіндіктер алаңы» атты өңірлік жастар форумында жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында "Жасыл ел" бағдарламасын өңірлерде жандандыру тапсырмасы берілген болатын.
Осы бағытта Шардара ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағына 2015 жылы 57 сарбаз тартылса, 2016 жылы 20 сарбаз, 2017 жылы 60 сарбазды 2018 жылы 59 жас, 2019 жылы 70 жасты жұмысқа тарту жоспарлануда.