ТҮРКІСТАН: Шардарадағы көпқабатты тұрғынүйлер жөндеуден өткізіледі

0
782

Қауіпсіздік шаралары мен жұмыс сапасы қатаң бақылауға алынған.


ТҮРКІСТАН: Шардарадағы көпқабатты тұрғынүйлер жөндеуден өткізіледі

Шардара ауданында 52 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2014, 2017 және 2019 жылдары Шардара қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 23-не күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша биылдың өзінде тағы 21 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жергілікті қазынадан қаралған 534,5 млн теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, сыртқы және ішкі қасбеттерін әрлеу, кіреберіс есіктерін және подъезд терезелерін ауыстыру, суағарлар орнату, инженерлік-коммуникация жүйелерін ауыстыру секілді жұмыстар жүргізіледі.


Шардара аудандық тұрғын үй-кммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Шағырбаевтың айтуынша жұмысшылардың қауіпсіздік шаралары мен жұмыс сапасы қатаң бақылауға алынған.


“Жұмысшылардың еңбекақылары бақылауға алынған, уақытылы беріледі. Еңбек қауіпсіздігі бойынша да бізде техникалық қадағалаушы мекеме бар. Сол мнкеменің бәрі күнделікті осы басында, авторлық қадағалау бар, мердігер тарапынан бар. Өзі арнайы толтырылатын журналдар бар, оның бәрі толтырылып қадағалануда. Біз жақтан да бекітілген мамандар бар, бізге қарасты ЖШС бар. Ол жақтан мамандар бар бекітілген”, - дейді Ербол Шағырбаев.


Сонымен қатар, тұрғындардың ауыз су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында құмның ішінде орналасқан су қоры жеткілікті “Тастанбек” жер асты суын жеткізу қолға алынып отыр. Өйткені, биыл Сырдария өзенінің суы тартылып, Шардара су қоймасының толмай қалуынан жаз айларында судың сапасы нашарлап, залалсыздандыру жұмыстары күрделенгені белгілі. Салдарынан шардаралықтар тіршілік нарынан тарықты. Бұған жауын-шашынның аз түсуі мен қуаңшылық, одан қалды көршілес елдерден келетін судың кемуі қосымша себеп болды. Ал, Шардара су қоймасындағы суды сүзгіден өткізіп, тазалайтын станцияның жұмысы тікелей судың деңгейіне байланысты екені белгілі. Теңізде су тартылғандықтан жұмыс тоқтап, 80 жылдары қолданысқа берілген қаланың бас су таратушы ескі станциясының жұмысы қиындаған. Жақын күндері бұл мәселенің де күрмеуі шешілмек.


“Су бойынша аудандық бюджеттен 30 млн теңге қаржы қаралып, Шардара қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан “Тастанбек” деген өзіміздің құдығымыз бар. Ол жерден шығатын дебиттің бәрі есептелген, қалаға жетеді. Бүгінгі таңға жобалау-сметалық құжаттарына мемлекеттік сатып алу жұмыстарының бәрі толық өткізіліп, жеңімпазы анықталған. Жалпы жұмыстардың 40 пайызға жуығы орындалған. 2022 жылдың қаңтар айының соңына дейін мемлекеттік сараптамасының қорытындысы шығып, республикалық бюджетке өткіземіз деп отырмыз”, - дейді Шардара аудандық тұрғын үй-кммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Шағырбаев.


Одан бөлек, Шардарада ауданды көріктендіру, көгалдандырумен қатар санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары да кеңінен қолға алынған. Бұл бағытта да арнайы бағдарламалар бекітіліп, орындалуы аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тікелей бақылауында тұр.