​ТҮРКІСТАН: Шардаралық бүлдіршіндер жеңімпаз атанды

0
989

Өнер сайысында жүлделі орынға ие болған өнер ұжымдары мен жекелеген өнерпаздар ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдарымен марапатталды.


​ТҮРКІСТАН: Шардаралық бүлдіршіндер жеңімпаз атанды

«Хан-Назар» ІІ Республикалық балалар фестивалінде шардаралық бүлдіршіндер жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара қаласы «Абай» мәдениет үйінде «Балақай» балалар қорының ұйымдастыруымен өткен «Хан-Назар» ІІ Республикалық өнер сайысына 4-17 жас аралығындағы балабақшалар мен мектептер, мектептен тыс мекемелерден 100-ден астам жас өнерпаздар қатысты.
Вокал, халықтық орындау «Дәстүрлі ән», халық аспаптары, аспаптық орындау, хареография және көркем сөз оқу сынды 6 жанр бойынша өткен өнер додасында Шардара қаласындағы №8 «Балапан» мемлекеттік бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері жеңімпаз атанды. Дүбірлі өнер додасына хареография жанры бойынша қатысқан балабақшаның тәрбиеленушісі Бағила Ашимова ІІІ орынға ие болса, Қарақас Қарабалаев ІІ орынға ие болды. Ал, республикалық байқаудың бас жүлдесі «Балапан» би тобының еншісіне бұйырды.
«Байқауда біздің балабақша хореография жанрын таңдады. Ондағы мақсатымыз – музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындау, ырғақты сезіне білуге, белсенді орындауға бүлдіршіндерімізді дағдыландыру. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылығын қалыптастыру. Бағымыз бен бабымыз қатар шауып бұл байқауда үш жүлдені алтын қоржынымызға салдық»,-дейді №8 «Балапан» мемлекеттік бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Құралай Құралбекқызы.
Өнер сайысында жүлделі орынға ие болған өнер ұжымдары мен жекелеген өнерпаздар ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдарымен марапатталды.