ТҮРКІСТАН: Шетелдік азаматтың шұлығынан есірткі табылды

0
763

Шекарадан өтпек болған.


ТҮРКІСТАН: Шетелдік азаматтың шұлығынан есірткі табылды

Түркістан облысының полицейлері шекарадан өтпек болған шетелдіктің шұлығынан есірткі тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Қазығұрт" шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай, Өзбекстаннан Қазақстанға өтпек болған «DAF» маркалы жүк көлігіне «Келли» атты қызметтік ит үріп белгі берген. Содан кейін, шекарашылар жедел тергеу тобын шақырып, жүргізушінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықталды.


Сонымен қатар, полицейлер көлік жүргізушісін тінту барысында оның оң аяғындағы шұлығынынан есірткі тектес затты тәркілеген. Алынған зат сараптамаға жолданып, нәтижесінде ол заттың 3 грамнан астам кептірілген «марихуана» екені анықталды.


«Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ресми хабарламада.