ТҮРКІСТАН: Шомылу маусымында тұрғындармен тұрақты жұмыс жүргізіледі

0
1 115

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Султанғали Смаилов өткен брифингте айтып берді.


ТҮРКІСТАН: Шомылу маусымында тұрғындармен тұрақты жұмыс жүргізіледі

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік шаралары», «Орман мен дала өрттерінің алдын алу және дайындық жұмыстары» тақырыптарында брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Султанғали Смаилов сөз сөйледі.
Брифинг барысында Султанғали Смаилов 17 мамырда облыс аумағындағы орман шаруашылығына тиісті мекемелердің қатысуымен созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілгенін айтып өтті.

Осындай оқу-жаттығулардың мақсаты, бұл өртке қарсы құрылымдардың тәжірибелік іс-қимылдары жоспарын тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және машықтандырып жетілдіру, дала-орман өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылығы мекемелері мен аудан, қала әкімдіктерінің өзара әрекет жасауы жөніндегі тиімділігін көтеру.
Сондай-ақ егістік алқаптарында орын алған өрттердің себептеріне жеке-жеке тоқталып, орман мен дала өрттерін алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Сонымен қатар климаттық жағдай бойынша Түркістан облысы республикада ең ыстық аймақтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты шомылу маусымында орын алған қайғылы оқиғалардың негізгі себептері туралы және алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтылып өтті.
Орын алған оқиғалардың негізгі себептері:
- шомылуға рұқсат етілмеген орындарда шомылу;
- жүзе білмеу және өз күшін дұрыс бағаламау;
- балаларды суаттар жанында үлкендердің қарауынсыз қалдыру;
- жеке құтқару құралдарын пайдаланбай балық аулау.
- алкогольді ішімдіктерді пайдаланып суға шомылу.
Дала орман өрттерін алдын алу және шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында жыл сайын үгіт-насихат жұмыстары, оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады.