ТҮРКІСТАН: Соғыс ардагерлеріне 1,5 млиллион теңгеден берілді

0
675

Өңірде Ұлы Отан соғысының 14 ардагері тұрады.


ТҮРКІСТАН: Соғыс ардагерлеріне 1,5 млиллион теңгеден берілді

Түркістан облысында 15 соғыс ардагеріне 1,5 млн теңгеден берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында 4 438 азамат жалпы сомасы 175,5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек алды. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысымыздағы 15 ҰОС ардагері мен қатысушысына 1,5 млн теңгеден төленді.


Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес, өңірде Ұлы Отан соғысының 14 ардагері тұрады. Таяуда, яғни 01.05.2023 жылы Сауран ауданында тұратын 101 жастағы қарт майдангер Ғани Сарамсаков дүниеден озды. Жалпы, өңірдегі майдангерлердің барлығына 30 сәуірге дейін біржолғы материалдық көмек берілді.


Сондай-ақ Жеңіс күніне орай өңірдегі 4 423 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне 30 мың теңгеден, 2 блокадалық Ленинградтың тұрғынына 60 мың теңгеден және 1 кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттағыларға 100 мың теңгеден табысталды.


Еске сала кетсек, облыстан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды.


Қазіргі таңда Түркістан облысында тұратын 14 соғыс ардагерінің арасында жасы ең үлкені - төлебилік Рсмет Джұмағұлов, ол биыл 102 жасқа толды. Майдангерлердің ең кішісі - 96 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны Әбжаппар Дайрабайұлы.