ТҮРКІСТАН: Сотта қаралатын қылмыстық істер азайған

0
680

Өндіріспен аяқталған азаматтық істер бойынша ең көп дау санаттары - отбасылық қатынастардан туындайтыны анықталған.


ТҮРКІСТАН: Сотта қаралатын қылмыстық істер азайған

Түркістан облысында соттармен қаралған қылмыстық істер 25,7 пайызға азайған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық сотының Қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдос Сұлтанов мәлімдеді.


«Түркістан облысында 2024 жылдың І тоқсанында жергілікті соттармен 424 қылмыстық іс қаралып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25,7%-ға азайған. Сондай-ақ, биыл барлығы 336 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталып, 57 үкімге азайған. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен 5 ақтау үкімі қабылданды. Аталған кезеңге барлығы 47 іс қысқартылған. Бұдан бөлек, медиация бойынша 7 қылмыстық іс қаралды. Жалпы 2024 жылдың І тоқсанында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының қорғалуы өткен жылдармен салыстырғанда 60%-ға артқан»,- Айдос Едігеұлы.


Сонымен қатар, брифингке қатысқан Азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболов аудандық және теңестірілген соттарға 2023 жылы 30 033 арыз түсіп, көрсеткіш 17,9 %-ға артқандығын айтты. Оның ішінде 26 982 азаматтық іс - өндірістен, қалған 15 560 іс - шешім шығарумен аяқталған. Өндіріспен аяқталған азаматтық істер бойынша ең көп дау санаттары - отбасылық қатынастардан туындайтыны анықталған.